BannerFans.com
Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
#МЕНІҢҰСТАЗЫММАЙАУДАНЫ

Республикалық сайыс жеңімпазы

 Байбеков Шалқар Зиядаұлы  Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде  АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып қызмет атқарады. 2016 жылы Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен АӘД пәні мұғалімдері арасында өткізілген республикалық байқауда  I орынға иегері.

2018 жылы (Тәжік-Ауған шекарасында және әскери қақтығыстарына қатысушылардың) Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігі және  республикалық «Білім және ғылым» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен    Семей қаласында өткен «Алғашқы әскери дайындық пәнінің үздік  оқытушы-ұйымдастырушысы» республикалық сайысында 33 қатысушының ішінде II орынға иеленді. Сондай-ақ конкус аясында тест тапсырмасын орындау бойынша  III орынға қол жеткізді. Жалпы есепте жеңімпаз атанған ұстаз Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің  төсбелгісімен және дипломымен марапатталды.

М.Маженов

әдістемелік кабинет әдіскері

Жаңашыл ұстаз, іскер басшы

                Еңсебаев Руслан Ерікұлы Май ауданы  Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде   физика-информатика пәнінің мұғалімі  және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.  Жаңашыл ұстаз   Педагогикалық шеберлік орталығының және білім беру бөлімінің  қолдауымен  Астана қаласына келген жапондық Тошия Чичубымен кездесіп,  2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» ІІ өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті.   Мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл – Lesson Study әдісін аудан мектептеріне  енгізуді белсенді насихаттаушы ретінде Руслан Ерікұлы НЗМ тығыз байланыс жасай отырып, жыл сайын облыстық, аудандық семнарларда, конференцияларда  іс-тәжірибесін ортаға салады.

Жаңашыл ұстаз, іскер басшы  2018 жылы «Менің үздік коучингім» облыстық конкурсында  III орынға,   2017 жылы облыстық «Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық сайысында «Шығармашыл» номинациясына, 2016 жылы облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсында «Ізденімпаз» номинациясына иеленгген.

Оқушысы Қайыргелді Ерасыл 2018 жылы облыстық ғылыми жобалар сайысында физика пәнінен ІІІ орын иеленді.

Г.Зайырова

Әдістемелік кабинет әдіскері

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

                                                                 Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

     Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп,  оқушыларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек.

Мектеп өміріне белсенді араласып жүретін  ұстазымыз Сейлханова Ғалия Тұрсынтайқызы – өз ісінің шебері, балалардың досы, ата – аналардың алдында беделі жоғары ұстаздың бірі.

Әріптесімізге еңбек жолында шығармашылық табыс, оқушылары білімнің биік шыңында көруіне тілектеспіз.

 

                                                                      Шарипбекова Раушангүл

                                                 Бастауыш сынып мұғалімі.

Менің ұстазым

         Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаздық жол – ауыр да, қызыққа толы жол. Сол ұстаздық жолында 25 жылдан астам қажырлы еңбек етіп келе жатқан менің ұстазым және де қазіргі уақытта әріптесім болып жүрген тарих пәнінің мұғалімі – Шакиев Серик Кошербайұлы  жайлы айтқым келеді.

Серік Кошербайұлы осы Май ауданына  жас маман болып келгенде алғашқы еңбек жолын Жалтыр орта мектебінде бастаған еді. Сол кезде маған қазақ тілі пәнінен сабақ беретін. Әлі есімде мұғалімнің сабақтары өте қызықты , тартымды өтетін. Мен әдебиет, қазақ тілі тілі содан шығар жаксы көріп кеттім. Сабақта оқушыларды өзіне тарта алатын, ертегі, аңыздар айтып бізді біліммен сусындатты.

Қазіргі кезде Серік Көшербайұлы тарих пәнінен сабақ береді. Менің қызым осы мұғалімнің алдынан білім алды. Үнемі қызымнан ол кісінің сабағы өте ұнайтынын, сол сабаққа қатысқысы келетінін айтып жүретін. Қатаң талап қойса да, балалармен жақын тіл табысып, ақылын айтып, өмірде білімнің ең қажет екенін айтып жүретінін еске алып отырады. Сабақта тарихты өз сөзімен ертегі сияқты айтып, оқушылардың тілімен жеткізе білетін ұстаздың бірі.

Мектептің, ауданның мәдени іс – шараларына белсенді қатысып, ауданның 80 жылдығына  арнау жазып, әкімнің алғыс хатымен де марапатталды.

Серік Көшербайұлы – ұстаздық жолымен қатар, өлең жазу өнерімен де айналысады. Оның өзінің туған жеріне, әріптестеріне, достарына, туған- туыстарына жазған өлеңдері  де аз емес.

Серік Көшербайұлына ұстаздық жолында жетістік, өнер жолында шабыт пен шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз.

                                                                         Баянбаева Асем Бекмуханбетовна

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Табысты басшы

         Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Анар Ахметқызы «Өз мамандығының таңдаулы иесі»  деп бағалауға лайық  білікті басшы.  Ол «Табысты менеджер» облыстық конкурсының  III орын иегері.  Анар Ахметқызының басқаруымен «Мектебіме тағзым»  акциясы аясында ауыл мектебінде шахмат, информатика, тоғыз құмалақ, «STEM-лаборатория» кабинеттері ашылды. Мектеп түлектерінің қолдауымен жыл сайын мектептің үздік оқушылары Алматыдағы “Алматау” лагерінде демалады. Ұстаздар мерекесі қарасыңында мектеп түлектері тарапынан «Teacher office» кабинетін ашу жұмыстары да қызу жүріп жатқанын айтады мектеп директоры.

Іскер басшының бастамасымен Малайсары мектебінің сайты 2017 жылы облыстық «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» байқауында І орынға иеленді. Мектеп оқушылары   2018 жылғы «Адал ұрпақ»  облыстық конкурсында  І орынға, облыстық «Жасын» интеллектуалдық телевизиялық байқауында І орынға, облыстық «Жас инспекторлар» сайысында ІII орынға иеленсе, 2019 жылы облыстық «Бала достары» конкурсында сайысында ІI орынға қол жеткізді.

«Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін нағыз патриот  жанның талай    игі іс атқаратыны анық.

Білім беру саласындағы  жаңа бастамаларды іске асырушы Малайсары мектебінің ұстаздар қауымына білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін!

Н.Адамжанова

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Білікті басшы-елге құт

         Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз”, – деген Елбасы сөзі білім қызметкерлері үшін межеге жетер жолдағы бағдаршам десек, артық айтқан емес.
XXI ғасыр инновациялық технологияларымен ерекшеленеді. Заман көшінен қалмай, ақпараттар ағынына төтеп беретін интеллектуалды, пайым-парасаты кемел, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу бүгінгі мектептің міндетіне айналып отыр. Мақсатқа қол жеткізу үшін, алдымен, мектеп басшысының өзі жаңашыл, әлемдік білім кеңістігінде білімдар ұрпақтың жолбасшысына айнала алу қабілеті бар тұлға болуы тиіс. Осы орайда өскелең ұрпақты рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеуге, тұлғаның үйлесімді дамуына  ерекше мән беретін мектеп басшысы Гульсима Миннигалиевна Ахметованың   өзі басқарып келе жатқан  ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Іскер басшының қолдауымен  өткен оқу жылында “Адал ұрпақ” ерікті клубтарының облыстық слетінде Май ауданы Амангелді Иманов атындағы лицей-мектебінің  «Таза жүрек» командасы  жүлделі II орынға ие болса,   «Театрдың ғажайып әлемі-2019» театр өнерінің облыстық фестиваль – конкурсында  «Әдеби-музыкалық компизиция» номинациясы бойынша III орынға иеленді. V облыстық математикалық турнирде аудан командасы құрамында  А.Иманов атындағы лицей-мектептің 4-сынып оқушысы Қаиркен  Ерсұлтан II орынға    қол жеткізді.

Былтырғы жылғы мектеп түлектерінің барлығы мемлекеттік грантқа ие болды.

Д.Бигельдинов

Әдістемелік кабинет әдіскері

Жаңашыл басшы

 

 

Анар Каиркеновна- білімділігімен, іскерлігімен көзге түскен жаңашыл басшы, әрі мектептегі оқу-тәрбие үрдісін дұрыс жолға қоя білген, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген талантты да дарынды тұлға.

Мектепті үздік білім ошақтарының қатарына қосып, материалдық базасын жақсартып, мектеп ісінің ілгері дамуына, білім мен тәрбие беру ісінің нәтижелі болуына үлкен еңбек сіңірді.

Анар Каиркеновна  мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен білімдерін жетілдіруді ұдайы басты назарда ұстайды. Мектеп мұғалімдерінің әр түрлі сайыстарға қатысуын тиімді ұйымдастырады. Соның нәтижесінде мұғалімдері аудан, облыс, республикалық конкурстарының жеңімпаздары атанды.

Әрбір басшы мектеп  оқушыларының жетістігін көру үшін мектептегі білім беру үрдісін жоғары сапада ұйымдастыруды басты мақсатқа қояды. Мектеп оқушылары пәндік олимпиадалардан, конкурстар мен интеллектуалды ойындарынан жүлделі орындарды бағындырып жүр.

Мектеп түлектер қорытынды аттестаттаудан жақсы нәтиже көрсетіп, 2 жыл қатарынан «Алтын белгі» иегерлері шықты.

Өзінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен  марапатталды.

 

11
-->