BannerFans.com
Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ата- аналармен жұмыс ұйымдастырудағы жаңа амалдар

2019 жылғы 28 қараша күні Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ата- аналармен жұмыс ұйымдастырудағы жаңа амалдар» тақырыбында  аудандық семинар өтті.Семинарға қамқоршылық кеңесінің төрағалары,  мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен сынып жетекшілері және Қазан мектебі оқушыларының ата-аналары қатысты. Семинар аясында «X, Y және Z ұрпақтарының ерекшеліктері» оқушы мен ата-ана арасында дискуссия, «ХХІ ғасырда сұранысқа ие болатын мамандықтар» семинар-практикум, «Құндылықтар дағдарысы» семинар-сабақ, «Тұлға қабілеттілігінің психологиялық ерекшеліктері» психологиялық ағарту жұмыстары өтті.

About