8-71838-91336 raioo@mail.ru

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 25 мамырында соңғы қоңырау күніне арналған іс-шаралар Май ауданының 13 жалпы білім беру мектептерінде 1-10 сынып оқушылары үшін қашықтық режимде өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. К. Аймағамбетовтың құттықтаулары онлайн форматта жүргізілді.

Биылғы оқу жылын Май ауданындағы 1 11 сыныптардың 1650  оқушы, оның ішінде 11 сыныптардың 37 түлегі және 9 сыныптардың 142  түлегі аяқтайды. Түлектер қатарында 11 сыныптың ішіндегі «Алтын Белгі» аттестатына 7 үміткер.

Мектеп түлектері үшін 3 маусым күні ашық аспан астында шектеулі ғана адамдар санымен және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен аттестаттарды табыстау рәсімі өтетін болады. 23  түлек ҰБТ тапсырады.