8-71838-91336 raioo@mail.ru

Құрметті ата-аналар мен “Мың бала” олимпиадасының қатысушылары!*«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңі 2020 жылдың 25-26 маусым күндері өтетінін хабарлайды.

Екінші кезеңде Олимпиаданың бірінші кезеңінен сәтті өткен 5 мың қатысушы функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеуден өтеді. ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеледі. Тестілеу барлық аймақтағы 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде өткізіледі.

Екінші кезеңді өткізу жөнінде толық ақпаратпен, сондай-ақ тапсырмалардың үлгілерімен *2020 жылдың 5 маусымынан бастап www.fpp.kz* интернет-ресурсында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесеzh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазу арқылы алуыңызға болады.