8-71838-91336 raioo@mail.ru

Балаларды қорғау күні қарсаңында Май ауданы әкімінің орынбасары С.Қадырова қашықтықтан аудан мектептерінің дарынды балаларымен кездесті. Кездесудің мақсаты – оқуда және шығармашылықта жақсы нәтиже көрсеткен дарынды балаларды қолдау. Шараға қатысушылар облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары болды.

Дарынды балалар мен аудан әкімінің орынбасары арасында ізгі диалог өтті, онда жеңімпаздар өздерінің жетістіктері мен болашаққа жоспарларымен бөлісті. Балалар С.Қадыроваға жылы лебіздері үшін, сондай-ақ мұғалімдері мен ата-аналарына оларды жетістікке бағыттағандары үшін  алғыстарын білдірді.