8-71838-91336 raioo@mail.ru

Соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру күніне арналған «Birgemiz: Түлек  2020» салтанатты ісшарасы 2020 жылғы 4 маусымда Май ауданының 8 жалпы білім беру мектептерінде өтті.

Соңғы қоңырау 37 түлек үшін соғылды, оның ішінде 7 ерекше үлгідегі «Алтын Белгі» аттестатының иегерлері  ие болды.

Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген  «Вirgemiz: Түлек – 2020» бітіру ісшарасын өткізудің бірыңғай концепциясы негізінде мектеп аумағында  ашық ауада, карантин кезеңіндегі  барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Мереке аясында қала мектептерінде «Туған елге тағзым», «Түлектер аллеясы» атты акциялар өткізілді.