8-71838-91336 raioo@mail.ru

“БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН” республикалық акциясының аясында Ауданымыздың орталық ауруханасының педиатрымен қашықтықтан кездесу өтті. Кездесу барысында жазғы демалыста дұрыс тамақтану бойынша оқушылармен ашық түрде диалог өткізілді.

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.