8-71838-91336 raioo@mail.ru

«IQanat білім беру қоры» қоғамдық қорымен өткізілетін олимпиаданың екінші кезеңі Жалтыр мектебінде ұйымдастырылды. Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында өткізілетін олимпиадаға ауданның 6 мектебінен 18 оқушы қатысты. Олимпиада математика, физика, ағылшын тілі және  «Эрудит» эссе конкурсы бойынша өткізілді. Олимпиаданың өткізу орнында белгіленген профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар толық орындалды. Олимпиаданың өтілуіне өткен жылғы облыстық кезеңнің жеңімпаздары болып анықталған Камит Санжар, Нұртаева Мадина, Болатов Алишер волонтер ретінде қатысып, шараның  қызықты әрі тиімді ұйымдастырылуына атсалысты.