BannerFans.com
Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Жидебай Арықбайұлы атындағы «ЖАС МАМАН» конкурсы

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында жас мамандардың біліктілігін арттырып, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және олардың мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында  Жидебай Арықбайұлы атындағы аудандық «ЖАС МАМАН» конкурсы биыл екінші рет өткізілмек. Биыл ауданымызға келген жас мамандар да Жидебай ұтаздың батасын алып, келесі жылы үшінші рет өткізілетін конкурсқа қатысатын болады.

Байқау тапсырмалары

Бірінші кезеңі

 Жас маманның ВILIM LAND білім беру платформасын пайдалануының рейтингісі. (наурыз – мамыр аралығындағы қолдануы бойынша жасалады) Рейтинг қорытындысы 25 мамырда шығарылады.

Екінші кезеңі

  • «Өзін-өзі таныстыру(педагогтың таныстыру әдісінің жанры өз таңдауына байланысты: музыкалық, театрландырылған түрде т.б.) және «Педагогикалық идея» сайысқа қатысушылар әзірлеген және конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сай келетін  5 минуттық бейнеролик түрінде тапсырады.  (Конкурс материалдары мамыр-тамыз аралығында дайындалып, қыркүйектің 10-ында білім беру бөліміне ұсынылады.) Үздік бейнероликтер  трансляциясы ұйымдастырылады.

    БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ТЕD ФОРМАТЫНДА ҚОРҒАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.

 Конкурсқа ұсынылған Өзін-өзі таныстыру және «Педагогикалық идеяны»сараптамалық  бағалау келесі көрсеткіштерге сәйкес жүзеге асырылады:

 Өзін-өзі таныстыруы.

  • Педагогикалық идеясы;
  • идеяларды іске асырудың шынайылығы, жұмыстар жүйесі, тәлімгерімен өзара байланыс);
  • Жаңашылдықтың мәні, зерделеу тақырыбы болып табылатын мәселені көрсетуі;
  • Қойылған проблемаларды тиімді шешу жолын нақты көрсету.
  • Жұмысының нәтижелігі ;
  • Бейнеролик сапасы мен креативтілігі.

Үшінші кезеңі

  • АКТ-ны, білім ленд ресурстарын пайдаланумен үздік ашық сабақ (іштей конкурс)

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. (өтілу мерзімі қыркүйек)

Конкурс нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында өіледі.

About