Анонс:
Қамқоршылар күні

Бүгін Жалтыр мектебінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақстында дәстүрге айналған «Қамқоршы күні» аталып өтті.   Аудан әкімі М.Ақтаев қорғаушы ата-аналардың және қамқоршылардың арқасында әртүрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмірлеріндегі ең маңызды нәрселер – отбасына, жылулыққа, махаббат пен қамқорлыққа ие болғанын айта келе, балаларға деген ыстық ықыластары бен аялы алақандарын созып, оларға мейірімділік пен жомарттық танытқандары үшін қамқоршыларға  үлкен алғысын  білдірді.

 

About