Анонс:
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған семинар

Жас жеткіншектердің рухани дамуын жетілдіріп, оларды ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы берілетін рухани адамгершілік білім негіздері адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа сай бақытты өмір сүруді қалайтын, қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы қалыптасқан болашақ ұрпақтың жеке тұлғалаық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді.

Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу мақсатында Саты мектебінде “Рухани – адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі”  тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар аясында «Достықты қалай түсінесің?» тақырыбында ащық іс-шара ұйымдастырылып, «Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында коучинг өткізілді. Одан кейін өзін-өзі тану пәні бойынша жобалық жұмысты үйымдастыру бойынша аудан мұғалімдерінің өзара тәжірие алмасуы ұйымдастырылды. Семинарды ұйымдастыруға ат салысқан ұстаздар: Дошматова Н.Б., Орынгазиева Д.О., Касенова А.С.

 

About