Анонс:
Мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес

2019 жылғы 31  қазан   Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде  балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне және  мектеп жанындағы ШО жетекші тәрбиешілеріне (әдіскерлерге) арналған семинар-кеңес өтті.  Семинар-кеңеске Ақсу қаласы №18 балабақшасының әдіскері Қалимаш Сағындыққызы Сыздыкова арнайы шақырылды. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  «Балбөбек»  бөбектер бақшасы«Туған жер» жобасын, «Қарлығаш» бөбектер бақшасы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын, «Ақбота» бөбектер бақшасы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. семинар-кеңестің екінші бөлімінде  білім беру бөлімінің бас маманы   Мадениятова Айгерім Мұратбековна мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері және Май ауданы балабақшаларының  қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысын талқыға салды.  Сондай-ақ семинар аясында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 

About