Анонс:
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының қорытындысы

Облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында «Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсы өткізілді.
Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша Е.Мұқашев атындағы мектептің мұғалімдері М.Жакупов және М.Ахмет ІІ орынға иеленді. Ал Көктөбе мектебінің мұғалімі Д.Бейсекова «Үздік интерактивті құрал» номинациясына иеленді.

About