Анонс:
«IQanat» аудандық олимпиадасы

2019 жылғы 8 қараша күні Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  «IQanat»  олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті.  Ауыл мектептерінің оқушыларын қолдауға арналған  олимпиадаға ауданымыздың 13 мектебінен 87 оқушы  қатысты. Олимпиадаға қатысушылар физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырып, белгілі бір тақырыпта эссе жазды. «IQanat» аудандық олимпиадасынның ашылу салтанатына арнайы шақырылған өткен оқу жылындағы олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары:  Ақжар мектебінің оқушысы Нуртаева Мадина , Жалтыр мектебінің оқушысы Камит Санжар  өздерінің Республикалық кезеңге қатысқаны  және   оқуларын сырттай жалғастырулары  туралы  әңгемелеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.  IQanat олимпадасының өңірлік үйлестірушісі Иванова Тамара Николавна 9 сынып оқушыларына олимпиаданың берер мүмкіндіктері туралы айтып, олимпиаданың өтілу тәртібімен таныстырды.

About