BannerFans.com
Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Аудандық Мағжан оқулары

2019 жылдың 11-ші қараша күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сыныптар арасында аудандық Мағжан оқулары өткізілді. Байқау ережеге сәйкес  үш бағытта өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғаса, жас дарындылар өз туындыларын оқыды. Мағжан оқуларының қорытынсы бойынша  «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясында І дәрежелі дипломмен Жалтыр мектебінің 6-сынып оқушысы Есен Ұлағат марапатталды.  Жетекшісі: Алтынай Қызырхановна Андасова. «Толқынмен толқын сырласып…» – М.Жұмабаев шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары номинациясы бойынша «М.Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік жұмысын қорғаған Көктөбе мектебінің оқушысы Абдрахманова Асель І орынға ие болды. Жетекшісі: Дюсенбаева Даура Кайратовна. Аудандық кезеңнің жеңімпаздарына облыстық додада сәттілік тілейміз.

About