8-71838-91336 raioo@mail.ru

«Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалінде II орынға иеленді

Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында өткен  «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалінде   «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты Май ауданының Малайсары ЖОББМ  биология пәні мұғалімі Ардак Токтасыновна Койлыбаева II орынға иеленді.

IQanat олимпиадасының II іріктеу туры өтті.

IQanat олимпиадасының II іріктеу туры өтті.

«IQanat білім беру қоры» қоғамдық қорымен өткізілетін олимпиаданың екінші кезеңі Жалтыр мектебінде ұйымдастырылды. Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында өткізілетін олимпиадаға ауданның 6 мектебінен 18 оқушы қатысты. Олимпиада математика, физика, ағылшын тілі және  «Эрудит» эссе конкурсы бойынша өткізілді. Олимпиаданың өткізу орнында белгіленген профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар толық орындалды. Олимпиаданың өтілуіне өткен жылғы облыстық кезеңнің жеңімпаздары болып анықталған Камит Санжар, Нұртаева Мадина, Болатов Алишер волонтер ретінде қатысып, шараның  қызықты әрі тиімді ұйымдастырылуына атсалысты.

 

 

Май ауданында тағы бір заманауи  Teacher office кабинеті ашылды

Май ауданында тағы бір заманауи  Teacher office кабинеті ашылды

Май ауданында тағы бір заманауи  Teacher office кабинеті ашылды.  Мұғалімдердің заманауи бөлмесін «Мектебіме тағзым» акциясы аясында Көктөбе мектебінің 2000 жылғы мектеп түлектері сыйға тартты. Заманауи мұғалімдер бөлмесі ұстаздар жұмысын жеңілдетуде айтарлықтай көмегін тигізері сөзсіз.

Ауданымыздың орталық ауруханасының педиатрымен қашықтықтан кездесу өтті

“БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН” республикалық акциясының аясында Ауданымыздың орталық ауруханасының педиатрымен қашықтықтан кездесу өтті. Кездесу барысында жазғы демалыста дұрыс тамақтану бойынша оқушылармен ашық түрде диалог өткізілді.

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

Аудан мектептерінің 37 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды

Аудан мектептерінің 37 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды

Соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру күніне арналған «Birgemiz: Түлек  2020» салтанатты ісшарасы 2020 жылғы 4 маусымда Май ауданының 8 жалпы білім беру мектептерінде өтті.

Соңғы қоңырау 37 түлек үшін соғылды, оның ішінде 7 ерекше үлгідегі «Алтын Белгі» аттестатының иегерлері  ие болды.

Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген  «Вirgemiz: Түлек – 2020» бітіру ісшарасын өткізудің бірыңғай концепциясы негізінде мектеп аумағында  ашық ауада, карантин кезеңіндегі  барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Мереке аясында қала мектептерінде «Туған елге тағзым», «Түлектер аллеясы» атты акциялар өткізілді.