BannerFans.com
Сенім телефоны
+77183891336
Отдел образования Майского района

Павлодарская область, Майский района, село Коктобе, ул. Аблайхана 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 3 слеті туралы

Жоғары рухани, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік құзыретті азамат пен патриот болу және дамуы үшін жағдай жасау мақсатында  «Адалұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық  3 слеті өткізіледі. Конкурс облыстық конкурс ережесі негізінде іске асырылады.

ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

Осы ереже «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 3  слетін (одан әрі – Слет) өткізудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Міндеті:

— рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені нығайту;

— білім алушылардың мемлекетттік билік институттарына сенімін нығайту;

— білім алушылар бойында саяси-құқықтық білімдерін қалыптастыру;

— білім алушылар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздерін қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыру.

 Слеттің ұйымдастырушылары

Слетті даярлау және өткізудің жалпы басшылығын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады, оның құрамы Павлодар облысының білім беру басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінен қалыптастырылады.

 Слет қатысушылары

 Слетке облыстың аудандары мен қалаларынан бір «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қатысады – аудандық және қалалық конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ, облыстық мамандандырылған мектептердің ерікті мектеп клубтары қатысады.

Слетке қатысуға 11-17 жасқа толған балалар жіберіледі. Балалардың жасы туу туралы куәлікпен расталады.

Команда құрамы 10 адамнан тұруы тиіс, оның ішінде шешендік өнер конкурсында өнер көрсететін капитан.

  1. Өтетін уақыты мен орны

 Слет 2019  жылғы 30 қыркүйекте М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында (Павлодар қ, 1 Май көшесі, 27) өтеді.

Өтінімдерді қабылдау — 2019 жылғы 20 қыркүйекке дейін. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қаралмайды.

Өтінім түпнұсқасы (мөрмен және басшының қолымен), бейнежазбалар, аудандық/қалалық конкурсын өткізу хаттамасы конкурсты өткізу күні, яғни 2019  жылғы 30  қыркүйекте ұсынылады.

 Өткізу тәртібі мен шарттары

 Слет бағдарламасына 3  конкурс енгізіледі:

  • «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір» бейнеролигі — «Адал ұрпақ» ерікті клубының мектепке жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарымен жұмысы (4 минутқа дейін);
  • «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбында  үгіт бригадалар сайысы (регламент 5 минут);
  • «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентация – 2018-2019  оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы (көрнекі (үлестірмелі) имидждік материал: буклет, папка, топтама және  т.б.).

 «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір»

«Адал Ұрпақ» ерікті клубының мектепке жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарымен жұмысының бейнероликтер конкурсы 

 Ерікті мектеп клубтары арасында жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы, патриоттық тәрбиенің белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру және оның шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуге бағытталған ерікті клубының мектепке жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарымен жұмысы жайлы  бейнеролик конкурсы.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

— 2 формат: AVI және XDCAM HD 50 (ТА-да көрсету үшін кәсіби);

— XDCAM HD 50 форматындағы файлдарға қойылатын техникалық талаптар:

Параметрлер Мағынасы
Video format XDCAM HD 50
Videofile Container MXF
Video Codec MPEG-2
Display aspect ratio 16:9
Resolution, pixels 1920 x 1080
Chroma subsampling 4:2:2
Bitrate, kBit/s 50.0 Mbps
Frame rate 25 fps
Scan type Interlaced
Scan order Top Field First
Audio type Wav
Audio Codec Pcm
Audio treks 4
Sample Rate, kHz 48
Sample Type, bit 24 bit

— бейнероликтер 3D графикасы, кәсіби өзгеше бейнетүсірілім элементтерімен, динамикалық кестелер болуы мүмкін. Ролик уақытында максималды эмоционалдық және түс қанықтылығын шығармашылық қолдануға ұмтылу міндетті. Компьютерлік графика сурет салынған анимациямен жалғасуы мүмкін;

— бейне ролик тілі – екі тілде (мемлекеттік, орыс тілі);

— әзірленген бейнероликтер XDCAM HD 50 форматында, сонымен қатар, ІІМ-нің интернет-ресурстарында орналастыруға мүмкіндік беретін  пластикалық бокстардағы DVD дисктерінде 2 (екі) данада ұсынылуы тиіс. DVD-дискідегі мөр, сонымен қатар, бокстарға арналған мұқаба толық түсті болуы керек. Мұқаба бетінде келесі ақпарат көрсетілуі қажет: өңір атауы, бейнеролик тақырыбы.

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін роликтер қабылданбайды және бағаланбайды.

Бағалау критерийлері:

— қойылған мәселенің өзектілігі;

— тақырыпты ашудағы құзыреттілік.

 «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ»

тақырыбында үгіт бригадалар конкурсы

 Команда толық көлемде қатысып, өз үй жұмысын көрсетеді – ар, намыс, абырой, жауапкершілік және әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды тәрбиелеуге, оның шығармашылық әлеуетін ашуға арналған «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы жайлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» шығармашылық әлеуетін ашатын музыкалық бағдарлама.

  1. Музыкалық бағдарлама, ең біріншіден насихаттау сипатында болуы қажет. Көрсетілім ұзақтығы 5 (бес) минуттан аспауы тиіс. Регламентті сақтамағаны үшін қосымша айып балдары есептеледі. Жазылған дауыс фонограммаларды қолдануға жол берілмейді, барлық қатысушылар рөлдерді «жанды» дауыспен орындайды. Көрсетілім сценарийі басылған түрде және электронды тасымалдағышта конкурс алдында қазылар алқасына тапсырылады.

Презентациялар сайысы

«Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу»

2018-2019 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп                                   

  1. Конкурстың негізгі міндеті оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі саласында құзыреттіліктің артуы болып табылады;
  2. Білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді ұйымдастыру және білім беру жүйесіндегі алдын алу жұмыстарының нәтижелі тәжірибесін таратуды анықтау;
  3. Шығармашылықта жұмыс жасайтын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын анықтау.
  4. Презентацияда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, ата-аналар, ұстаздардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті (терминдер, түсініктер, жауапкершілік) қалыптастыру бойынша негізгі ақпараттар болуы тиіс.
  5. Презентацияны қорғауы команда капитаны жүргізеді
  6. Бағалау критерийлері:

— өзектілігі;

— құзыреттілігі;

— жас ерекшеліктерін ескеру;

— мазмұндылығы;

— әдемілігі.

  1. Буклет келесі форматта болуы керек:

—  бір фальц 210х198 мм;

— бір немесе 2 фальц  210х297 мм;

— үш фальц 210х395 мм;

— бір  фальц 297х280 мм;

— бір немесе 2 фальц  297х420 мм.

 Жүлдегерлерді анықтау және марапаттау

Слет қорытындыларын Білім беру басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, облыстық арнайы мониторинг мүшелері, Павлодар облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ өкілдерінен тұратын қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар балдарды санау жолымен анықталады.

Жоғары балл жинаған 3 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жүлдегер     (1, 2, 3 орын) атанады.

Қазылар алқасы «Бас жүлдені» табыстау үшін үздік «Адал Ұрпақ» мектеп клубын таңдайды.

Слеттің жеңімпаз командалары диплом және сыйлықтармен, жүлдегер атанбаған қатысушылары алғыс хаттармен марапатталады.

Байланыс телефондары

Бигельдинов Дархан Тасыбаевич – Білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері.

Ұялы телефон: 87072299396

Өтінім нысаны

 

Аудан/ қала атауы Команда атауы Командалар құрамы (қатысушылардың ТАӘ, мектеп атауы, сынып Жетекшінің аты-жөні Байланыс

телефоны

 

Басшының аты-жөні, мөрі, қолы.

 

 

 

 

About